Тоқаев Рыбакинаны АҚШ-тағы WTA 1000 Indian Wells турниріндегі жеңісімен құттықтады

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ-тағы  WTA 1000 Indian Wells турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.  
Еске салсақ, бұған дейін Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы WTA 1000 Indian Wells турнирінде жеңіске жеткен болатын.  

adimage