Тоқаев Сүнтаев пен екі жоғары лауазымды бастықты қызметтерінен босатты

Күні: 16:13, 17-06-2019.

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Сүнтаев пен екі жоғары лауазымды бастықты қызметтерінен босатты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан», - деп хабарлады дүйсенбіде Ақордадан.
Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.


Жаңалықтармен бөлісу: