Тоқаев: Сабақтастық – ел дамуының басты кепілі

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығының өкілімен кездесу барысында ел дамуының басты кепілі сабақтастық екенін атап өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттілік пен дәстүрлер сабақтастығы – ел дамуының басты кепілі. Онсыз (сабақтастықсыз – ҚазТАГ) тұрақтылық та, даму да болмайды», - деді Тоқаев жұма күні.
Сонымен қатар, ол ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділдік қағидасының қатаң сақталу керектігін атап өтті.
«Оларды (қағидаларды – ҚазТАГ) жоғалту – адамилықты, ұлттық ерекшелікті жоғалтумен пара пар», - деді мемлекет басшысы
Президент сондай-ақ, мемлекет саясатында әділдік қағидасын сақтаудың маңыздылығына да тоқталды. Тоқаев төртінші өнеркәсіптік революцияның маңыздылығына ерекше тоқталып, жаһандық бәсекелестіктің күшейіп отырғанын жеткізді.
.

adimage