Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президенттерінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды»,- делінген хабарламада.

Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді.

«Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті»,- деп қосты Ақорда.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды.


adimage