Тоқаев Сапаровты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындады

     Астана.1 желтоқсан.ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құмар Ақсақаловты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатып, оның орнына Айдарбек Сапаровты тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", -деп жазылған бейсенбі күнгі хабарламада.
    Сапаров 2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарған, оған дейін 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ал одан бұрын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

adimage