Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз министрліктің жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Сейсенбіде ұсынылған мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен келесі хатшылар қызметтерінен босатылды:
Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;
Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;
Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған кезде «жауапты хатшылар институтын таратып, олардың қызметтерін министрлік аппараттарының басшыларына жүктеу қажеттігін» айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «сұраныс бір адамнан болуы тиіс – президент тағайындаған министрден».
Кейін ҚазТАГ ХАА кем дегенде Қазақстан президенті тағайындаған 15 топ-шенеунік Тоқаевтың соңғы тапсырмасына сәйкес жұмыстарынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34