Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі абайлықтардың бастамасын қолдады

Семей. 24 сәуір. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі абайлықтардың бастамасын қолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұған дейін Абай облысының әкімдігі хабарлағандай, Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» тематикалық апталығы аясында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кең масштабты акция ұйымдастырылып, Бородулихинск елді мекені маңына көшеттер отырғызылған еді.

Фото көзі: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі


adimage