Тоқаев Семейдегі ЖМЖА және «Абай Арена» кешенінің құрылыс алаңын аралады

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына және «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылыс алаңына барды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің даму барысы жөнінде мәлімет беріліп, облыстың осы салада жеткен жетістіктері туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған көп салалы аурухананың жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа медициналық мекеменің емдеу-сауықтыру, ота жасау бөлмелері көрсетіліп, негізгі қызмет бағыты жөнінде мәлімет берілді», - деп хабарлады жұма күні Ақордадан.
Хабарда атап өтілгендей, жалпы аумағы 44,5 мың шаршы метр болатын ауруханада 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бір уақытта 345 науқасты қабылдап, алғашқы медициналық қызмет көрсете алады.
Қазақстан Президенті Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында өңірде мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық мекемелердің, республикалық ғылыми орталықтардың бөлімшелерін ашу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау саласын толықтай цифрландырудың маңыздылығына тоқталды. Соңында Қазақстан Президенті медициналық мекеме ұжымына табыс тіледі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты. Мемлекет басшысына нысанның құрылыс барысы таныстырылып, кешеннің алдағы жұмыс бағыты жөнінде баяндалды. Жалпы, «Абай Арена» мәдени-спорт кешені облыс бюджеті есебінен бой көтеруде. Нысанның жалпы аумағы – 33,8 мың шаршы метр. Кешен осы жылдың соңында пайдалануға беріледі», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, кешен 2019 жылдың аяғында пайдалануға беріледі.
«Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Президентіне «Қарағайлы» тұрғын ауданының жобасы таныстырылды. 25,4 мың адамға арналған тұрғын ауданның аумағы – 787,7 мың шаршы метр. Биыл 13 үй пайдалануға беріліп, 800-ден астам отбасы баспаналы болады», - деді Ақордадан.

adimage