Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенат спикері лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын», - деді Тоқаев бейсенбі күні сенатта.
Әшімбаев сенатты алғаш рет 2020 жылдың мамырында басқарды, оған дейін 2018 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін ол Amanat партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған, оның алдында 2011 жылдан бастап мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02