Тоқаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесуге қарсылық білдірді

Күні: 11:25, 15-08-2019.

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесуге қарсылық білдірді.
Ол үкімет пен әкімдікке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс», - деп жазды сәрсенбіде Тоқаев Twitter парақшасында.


Жаңалықтармен бөлісу: