Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) жетекші ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубниковпен кездесу өткізді», - делінген жұмадағы хабарламада.
Кездесуде Қазақстанның ядролық ғылым саласын дамыту перспективалары талқыланды. Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары қазақстан тарабымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.
Президент атап өткендей, еліміз атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалануды жақтайды. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық саланы ғылыми-техникалық тұрғыда қолдай алатын ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым бар.
Әңгімелесу барысында олар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, заманауи ядролық технологияларды пайдалану, отандық білікті кадрларды даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34