Тоқаев Шымкентте және екі облыста ТЖ режимін алып тастау туралы шешім қабылдады

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте және екі облыста төтенше жағдай (ТЖ) режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шымкент облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», - делінген жұмадағы Тоқаевтың жарлығында.
Бұдан басқа тағы екі жарлықпен президент Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы ТЖ жойды.
Еске салсақ, 12 құаңтарда Тоқаев Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ТЖ режимін алып тастаған еді.

adimage