Тоқаев әскерді дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері бойынша отырыс өткізді

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерді дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері бойынша отырыс өткізді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды», - делінген Ақорда хабарында.
Отырыста Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.
«Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды», - деп хабарлады Ақорда.

adimage