Тоқаев Солтүстік Македониядағы өрттен көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты

Астана. 17 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македониядағы өрттен көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», - деп нақтылады Ақорда.

adimage