Тоқаев: Табиғатты қорғау - бұл ұлттық маңызы бар мәселе

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт табиғатты қорғау ұлттық маңызы бар мәселе екенін айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Қазақстанда жануарлардың, құстардың, балықтардың және өсімдіктердің ондаған түрлерінің жойылып кету қаупі бар. Табиғатты қорғау - бұл ұлттық маңызы бар мәселе », - деп жазды Тоқаев жұмада Twitter-дегі парақшасында.
Ол бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні екенін еске салды.
«Биыл ол биоәркелкілікті сақтау тақырыбына арналады», - деп қосты Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтілуде.

adimage