Тоқаев теміржол тасымалын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты

Күні: 12:57, 02-05-2019.

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол тасымалын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен еліміздің теміржол саласының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.. (…) Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол тасымалын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Президент қазіргі басты мақсат ретінде темір жолдарды одан әрі модернизациялау, еліміздің көлік-логистика және транзиттік әлеуетін арттыру екенін атады», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қазақстан Президентіне компанияның 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін, осы жылға жоспарлары мен салалық Жол картасының жүзеге асырылудағы негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.
Хабарда атап өтілгендей, мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен еліміздің теміржол саласының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
«Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар берді», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: