Тоқаев Трамппен сөйлесті

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған Дональд Трамппен сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен бейсенбі күні.

«Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

«Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты», - деп хабарлады Ақорда.

adimage