Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетуді мақұлдады

Астана. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетуді мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп хабарлады жұма күні Ақорда.
Сонымен қатар Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

adimage