Тоқаев қытайлық CNPC басшысымен қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысын талқылады

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдап, қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысын  талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен сәрсенбі күні.
«Президент «CNPC» басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды. Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан Президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.
«CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

adimage