Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша толықтыруларға қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, заңның негізгі міндеті жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР ұйымдары мен мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік материалды резерв тиімділігін арттыру, ол үшін келесі бағыттар бойынша алты кодекс пен бес заңға түзету енгізу ұсынылуда: жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларының орындалуына мемлекеттік қадағалауды күшейту, соның ішінде жұмылдыру дайындығы саласында өкілетті органға қадағалау міндетін жүктеу. Заңды парламент 14 мамырда мақұлдады.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17