Тоқаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді», - деп жазған Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Құрманғали дүйсенбі күні өзінің Facebook парақшасында.
Құрманғали нақтылағандай, мемлекет басшысы Орал әуежайын қайта салу жоспарымен танысады, сондай-ақ бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралайды.
«Сонымен қатар, өңір жұртшылығының өкілдерімен кездесу жоспарланған», - деп жазған баспасөз хатшысы.

adimage