Тоқаев Жапония Премьер-министріне қолдау көрсетті

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты»,- делінген жұма күнгі хабарламада.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

«Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты»,- деп қосты Ақорда.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды.


adimage