Тоқаев жазасын өтеушілерді азаптау әрекеттерін болдырмау үшін азаматтық бақылауды күшейтуді тапсырды

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазасын өтеушілерді азаптау әрекеттерін болдырмау үшін азаматтық бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Аталмыш жағдайға жол бермеу үшін заматтық бақылауды күшейту қажет», - деді Тоқаев сәрсенбіде.
Еске салсақ, 26 шілдеде ҚР ІІМ баспасөз қызметінде хабарлағандай, интернет желісінде Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің ЛА-155/8 (Заречный а.) қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен аталмыш түрмеде жазасын өтеп жатқандардың видеожазбасы жарияланған болатын. Аталмыш дерек бойынша, ІІМ-де хабарлағандай, қызметтік тексеру тағайындалды. ІІМ-де атап өткендей, тексеру жүргізу үшін мекемеге Алматы облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының шұғыл-тергеу тобы жіберілген.
29 шілдеде белгілі болғандай, Заречныйда қатаң режимдегі ЛА-155/8 абақтысының жеті қызметкері сотталушыларға қатысты азаптау әрекеттері туралы ролик пайда болғаннан кейін жұмыстан қуылған. 30 шілдеде белгілі болғандай, түрменің барлық жеті қызметкері де ұсталған.

adimage