Тоқаевтың экс-кеңесшісі ҰЭМ жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып тағайындалды

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды», - делінген жұмадағы хабарда.
Құдайбергенов 1982 жылы 21 шілдеде Түркістанда дүниеге келген. Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетін (2001) «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға әріптесі болып табылады, ҚР Ұлттық банкі төрағасының штаттағы кеңесшісі (2014), Қазақстан РЕспубликасы президентініғ штаттан тыс кеңесшісі (12.2019-07.2020) болып жұмыс жасаған. Қазақстан Республикасы презиенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық рефрмалар мониториингін талдау орталығының мүшесі (04.02.2020 бастап).
Анықтама: кеңестің міндеті - мемлекеттік саясаттың бақыланатын басым секторларында жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

adimage