Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Арыстағы ТЖ кейін аса қауіпті нысандарды елді-мекендерден алысқа көшіру туралы ойлану керек, деп санайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақов.
«Бұл да шығын ғой (аса қауіпті нысандарды елді-мекендерден алысқа көшіру – ҚазТАГ). Меніңше, мына жағдайдан кейін ойлану керек, әскерилермен, қорғаныс министрлігімен, жергілікті әкімдікпен ақылдасу керек. Әрине бұл мәселе, бұл үлкен мәселе», - деді Сқақов бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.
Бұл ретте ол Арыс қаласы халқын көшіру мәселесінің де «қаралатынын» атап өтті.
«Мен бүгін YouTube бойынша көрдім, адамдар ашуланып жатыр, мәселе бар, себебі олар (ол жақта тұрғысы келмейді - ҚазТАГ) қаламайды. Менің жеке пікірім – ол жерде бір емес, екі емес, бүтіндей 60 мың адам бар. Мен бұл мәселе де шешіледі деп ойлаймын, бірақ оларды көшіру үшін аудан ашу керек. Арыс – бұл тіпті аудан емес, бұл қала. Мен ол мәселе шешіледі деп ойлаймын, бірақ мен нақты білмеймін, үкіметпен ақылдасу керек», - деп атап өтті президент кеңесшісі.
Қазақстандықтардың Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасындағы өрттен кейін АЭС құрылысы бойынша қауіптеріне түсінік берген ол бұл мәселе бойынша ақырғы шешімнің әлі қабылданбағанын айтты.
«АЭС құрылысы бойынша, бұл мәселе әлі талқылануда, ол әлі шешілген жоқ. Бізде күн энергиясы да, жел энергиясы да бар. АЭС бойынша да әлі ойланып жатырмыз. Болашақта көреміз», - деді Сқақов.
Бұған дейін хабарланғандай, 24 маусым күні қару-жарақ жарылысы салдарынан Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын билкіпен кездесуді талап етіп, «Ақмешіт» мешітінің алдында жолды жауып тастағаны хабарланған еді. Кейін оларға Түркістан облысы мен Шымкент облысының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Ғабидулла Әбдірахымов келді.
Шөкеев жиналғандармен «Ақмешіт» мешітінің ішінде сөйлесуге, ал Әбдірахымов сыртта сөйлесуге тырысты. Бірақ әкімдер мен жиналғандар арасында ондай диалог болмады, себебі қарсылық танытушылар бірінен соң бірі айқайлап жатты.
Арыстан эвакуацияланғандардың негізгі талабы – басқа елді мекеннен баспана мен жер беру, себебі олар Арыстағы радиациядан қауіптеніп отыр. Алайда Шөкеевтің айтуынша, қару-жарақ жарылысынан Арыста ешқандай радиация болмайды. .
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан үш адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен, оның 89-ы ауруханаға жатқызылса, 76-сы үйлеріне қайтарылған.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті.
Соңғы ақпар бойынша, Арыста саперлер 5.7 астам әскери снаряд табылып, олар арнайы техникамен эвакуациялануға дайындалған. инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тоқаевтың кеңесшісі: аса қауіпті нысандарды елді-мекендерден алысқа көшіру туралы ойлану керек
