Тоқаевтың халыққа жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы 7 қыркүйекте дайын болуы керек - Мамин

Күні: 10:54, 03-09-2019.

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Владимир Радионов.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы 7 қыркүйекте дайын болуы керек, деді премьер-министр Асқар Мамин.
Хабарда айтылғандай, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Б. Сапарбаев баяндады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.
«Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Аскар Мамин.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жеткізді.


Жаңалықтармен бөлісу: