Тоқаевтың үкімет пен әкімдердің дағдарысқа қарсы қаражатты жұмсауларына көңілі толмады

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдердің дағдарысқа қарсы қаражаттың жұмсалуына көңілі толмады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бюджеттен бөлінген дағдарысқа қарсы қаражатты тиімді жұмсау керек. Мен үкімет пен әкімдерге сатып алудағы жергілікті мазмұнды ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырдым. Алайда бұл тапсырма қанағаттанарлықсыз орындалуда», - деді Тоқаев сейсенбідегі минкабинетінің кеңейтілген отырысында.
Ол нақтылағандай, былтыр 9 айда тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге қатысты сатып алуларды реттеудің жалпы көлемі 12,5 триллион теңгені құрады.
«Біздің экономика осы соманың жартысына жуығын алмаған. Жергілікті тауарлар мен қызметке шамамен Т6,5 трлн немесе 52% жұмсалды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жергілікті мазмұн үлесі 87% құрады. Жоспарлы көрсеткіштерді бұзу жеті өңірде орын алған. Тағы да айта кетейін – қазақстандық мазмұнды ұлғайту міндетін ешкім алып тастаған жоқ. Импортты триллиондаған бюджет қаржысымен субсидиялауға біздің құқығымыз жоқ. Сондықтан бюджет әкімшілері жекелей жауапкершілікте болады», - деді Тоқаев. 

adimage