Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарының қорытындысы бойынша қандай құжаттарды қабылдап, қол қойғаны туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сапар қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бірлескен мәлімдемесі. Ресей-Қазақстан өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары», - деп хабарлады Ақордадан.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті В.В.Путиннің шақыруымен 2019 жылғы 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына сапармен барды. Бұл Тоқаевтың 20 наурыз күні президент лауазымына кіріскеннен кейінгі шетелге алғашқы ресми сапары.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев: Жергілікті атқарушы билік жүйесіне жаңа адамдар келе бастады
14 Наурыз 2025, 16:53 -
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» сақтандыру қызметіне Т750 млн жұмсамақ
14 Наурыз 2025, 16:43 -
Үш жылда еліміз түбегейлі өзгерді, деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев
14 Наурыз 2025, 16:21