Тоқаевтың Ресейге сапарының күн тәртібі белгілі болды

Күні: 15:52, 28-03-2019.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресейге сапарының күн тәртібі белгілі болды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Биылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Еске салсақ, 21 наурызда белгілі болғандай, Қазақстанның жаңа президенті мен РФ президенті Владимир Путиннің арасындағы телефонмен әңгімелесу барысында Тоқаев жақын арада Ресейге ресми сапармен барады деген келісімге қол жеткізілген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: