Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі ауысты, деп хабарлады мемлекет басшысынң баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, «мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды».
Еске салсақ, Әлия Рақышева ҚР ПӘ басшысының орынбасары қызметін 2018 жылдың сәуірінен бастап атқарып келген.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26