Тоғыз айда Қазақстан $757 млн-ға қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімін экспорттады

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылдың тоғыз айында Қазақстан $757 млн-ға қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімін экспорттады, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігі баспасөз қызметінен.
«Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында қайта өңделген өнімдердің экспорт көлемі 757 млн. АҚШ долларын құрады. Оның 77 пайызы (580 млн. доллар) - ұнға, өсімдік майына, сүт өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, күнжара (жмых), балық өнімдеріне, минералды және газдалған суларға, шоколадқа, макаронға және құс етіне тиесілі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ауыл шаруашылық мині нақтылағандай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ең үлкен үлесі ұннан (31%) және өсімдік майынан (15%) жасалған тауарларға тиесілі.
«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы шикізатынан азық-түлік өндіру көлемі 2,5 пайызға өсіп, 1 трлн. 197,9 млрд. теңгеге жеткен», - деді АШМ-дан.
Хабарда атап өтілгендей, биылғы жылғы өңделген өнімдердің экспорт көлемі өткен жылғы көрсеткіштен жоғары болып отыр.
«Жыл соңына дейін ҚР Ауыл шаруашылы министрлігі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 1,3 млрд. долларға дейін жеткізуді жоспарлауда», - делінген хабарда.


adimage