Тоғыз жасар қыз баланы зорлағаны үшін Ақтөбе тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе. 27 наурыз. ҚазТАГ - Тоғыз жасар қыз баланы зорлағаны үшін Ақтөбе тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Сот кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны және зорлағаны үшін Ақтөбе тұрғынын кінәлі деп тауып, оған 23 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады», - деді Ақтөбенің Алматы ауданының прокурары Жасұлан Дәулембаев жұма күні.
Еске салсақ, 2019 жылдың 14 желтоқсанында Ақтөбе облысында тоғыз жасар қыз баланы зорлап кеткені туралы хабарлаған еді. 18 желтоқсанда күдікті ұсталды. Атап өткендей, тергеу амалдары Қазақстанның ІІМ бақылауымен жүргізілген.

adimage