Токаев БАҚ өкілдеріне президент сыйлықтары мен гранттарын тапсырды

Күні: 18:15, 26-06-2019.

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттің әлеуетін нығайту, экономиканы дамыту, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру – бүгінде еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттер. Отандық медиа-қауымдастықтың сындарлы негізде ұйысуы, журналистердің белсенді азаматтық ұстанымы, олардың кәсіби деңгейі және әділдігі – ақпараттық кеңістіктегі табысты жұмыстың негізгі шарттары. Мемлекет өз тарапынан БАҚ-қа қолдау көрсете береді», – деп келтірген Ақорда баспасөз қызметі президентітң сөздерін.  
Сонымен, «Жас Өркен» ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбекке, «Комсомольская Правда – Қазақстан» газетінің бас редакторы – Виктор Кияницаға, «Ана тілі» газетінің бас редакторы – Жанарбек Әшімжанға, «Астана» телеарнасының редакторы – Жайна Жақсылықоваға Мемлекет басшысының Өкімімен сыйлық тағайындалды.
Гранттар «Хабар 24» телеарнасының тілшісі – Рауан Мыңбаевқа, «Qazaqstan» телеанасындағы «Мәселе» талдамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Асем Сартбаеваға тапсырылды.
«Егемен Қазақстан», «Экспресс К», «Знамя труда» және «Шалқар» радиосы шығармашылық ұжымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушілері Қымбат Досжан және Дана Нұржігіт, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, «Qazaqstan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Ерлан Атамбай, «Литер» газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаева, «КТК» телеарнасының бас директоры Эльмира Джамилова, сондай-ақ «Қазақпарат» ХАА және «Жетісу» телеарнасы алды.
Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтуға белсенді атсалысқаны үшін Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы мен «CCTV» Халықаралық телеарнасы Қазақстан Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекет басшысының атынан еліміздің барлық өңірлеріне жіберілген алғыс хаттар үздік журналистерге салтанатты түрде табыс етілетін болады.


Жаңалықтармен бөлісу: