Токаев ҚР мен ҚХР екіжақты ынтымақтастығының ары қарай нығаятынына сенім білдірді

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Ақорда сайтынан.
«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді», - делінген хабарда.
Өз кезегінде төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты..

adimage