Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері автокөлік алады

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері автокөлік алады, деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токиодағы Олимпиаданың қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны жаңа «Tоyota Camry» автокөліктерімен марапаттайды, сонымен қатар құраманың бас бапкері ақшалай ынталандырылады. Автокөліктердің кілтін жақын арада Нұр-Сұлтанда ҚР Ауыр атлетика федерациясынң президенті Жанат Түсіпбеков табыстайды», - делінген жұмадағы хабарда.
Еске салсақ, Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 килограмға дейінгі, ал Зульфия Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақта үшінші болып, «қола» алды.
Сәрсенбі күні кешкісін спортшылар Қазақстанға оралды, оларды Алматы қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алған болатын.

adimage