Трамп ИМ басшысының өлімі туралы хабарды растады

Күні: 09:51, 28-10-2019.

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) басшысы Абу Бакр аль-Багдадидің өлімі туралы хабарды растады, деп хабарлады ТАСС.
«Кеше түнде АҚШ әлемдегі ең басты террористік ұйым басшысын сот төрелігіне әкелді. Абу Бакр аль-Багдади өлді. Ол ИМ – бүкіл әлемдегі ең қатыгез және аяусыз террористік ұйымның негізін қалаушы және басшысы болған", - деп мәлімдеді жексенбі күні Құрама штаттар президенті Дональд Трамп.
Ақ үй басшысының айтуынша, аль-Багдади үш баласымен бірге өз-өзін өлтірген.
«Операция барысында  аль-Багдадидің көптеген жақтастары өлтірілген, бірде-бір америкалық әскери өлмеген», - деп атап өтті АҚШ президенті.
Дональд Трамп сонымен қатар, аль-Багдадиді өлтіру үшін Сириядағы өздері бақылайтын әуе кеңістігін ашқан «Ресейдің өз-өзін жақсы ұстағанын» атап өтті. Ол Вашингтонның арнайы операцияға дайындалып жатқаны туралы Мәскеуді ескерткенін айтты. Ресей АҚШ-қа сол үшін алғысын білдірді, алайда миссияның негізгі мақсатын білмеген.
Еске салсақ, 26 қазанда Дональд Трамп Твиттердегі әлеуметтік парақшасында «маңызды жайттың» болғанын айтты, бірақ нақты не екенін басып айтпаған. Кейін Ақ үйдің баспасөз қызметі 27 қазан күні АҚШ президенті «маңызды мәлімдеме» жасайды деп хабарлаған.


Жаңалықтармен бөлісу: