Трамп Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешімін қолдады

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстаның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешімін қолдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сіздің ел үшін тарихи сәтпен құттықтаймын. 30 жылға созылған қызметтен кейін мемлекет басшысы ретінде сіз артыңыздан үлкен және жемісті мұра қалдырып барасыз. Мен сіздің конституциялық рәсімдерді сақтау туралы шешіміңізді қолдаймын», - делінген тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың дүйсенбіде жариялаған Трамптың Назарбаевқа жолдаған хатында.
Америкалық басшы атап өткендей, Назарбевтың былтырғы Ақ үйге сапары «Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде маңызды қадам болғанын» атап өтті.
«Біз екі жақты қарым-қатынаста маңызды жетістіктерге қол жеткіздік, және мен америкалық бизнес Қазақстанмен ынтымақтастықта көптеген облыстарға шығып жатқанына қуаныштымын. Сіздің мінсіз басшылығыңызбен Қазақстан бүкіл әлемге танымал болды. Мен сізге президент ретінде қолдауыңызға және іскерлігіңізге алғыс білдіремін, және қазір мен президент Тоқаевтан (Қасым-Жомарт –ҚазТАГ) да сондай қарым-қатынасты күтемін», - деп жазған Трамп.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
Қазақстандағы басты қызметке жеті адам таласатын болады, соның ішінде Тоқаев та бар.


adimage