Трамп пен Путин 2019 жылдың басында тағы да кездесуі мүмкін

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 2019 жылдың басында Финляндияда тағы да кездесуі мүмкін, деп хабарлады «Коммерсант».
«Д. Трамп пен В. Путин Финляндияда Арктикалық саммитта кездесуі мүмкін.  Д. Трамп 6 қарашада өтетін АҚШ конгресіндегі аралық сайлаудан кейінгі саммитке қатысу туралы шешім қабылдайды. (…) Арктикалық саммитке қатысуға дайын екендігі туралы В.Путин тамызда Финляндия президенті Саул Ниинистемен кездесуде айтты», - деп келтірілген дерек көзіне сілтеме жасаған Helsingin Sanomat финдік басылымындағы ақпаратта.  
Бұл ретте Арктикалық саммит өтетін күн әзірге белгісіз. Финляндия әр түрлі күнді қарастыруда, Соның ішінде 14 ақпан да бар. Өтетін мерзімі туралы шешім аптаның соңында ішкі саясат бойынша үкіметтің министрлік тобының кездесуінде қабылдануы мүмкін.  
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін Д.Трамп В.Путинмен кездескісі келетінін растады. Ол Хельсинкидегі саммиттен кейін Ресей президентімен жаңа кездесу туралы ниеті барын айтқан болатын.  Ол жақта 16 шілдеде өткен саммит екі ел президенттерінің алғашқы толық форматты екіжақты кездесуі болды.  Келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ коммюнике қабылданған жоқ.  


adimage