ТРМК басшысы Рыскелді СӘТБАЕВ: КО ТЕХРЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ КЕЛМЕЙТІН ТАУАРЛАР АЙНАЛЫМНАН АЛЫНАДЫ

 

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Ирина НОС. Қазақстан, Ресей және Беларусияның интеграциялық бірлестігі – Кедендік одағы (КО) – азық-түлік тағамдарының қауіпсіздік мәселесін едәур өзекті деңгейге көтеріп отыр. Алаңдауға және тиісті қадам қабылдауға себеп болып отырғаны - ГРФ-да, Еуроодақтың еркін нарығынан сырттан әкелінген көкөністерден ішек инфекциясының бұрқ етуі болды. КО бойынша біздің серіктесіміз – Ресей – тез арада Еуропадан көкөніс әкелуге тиым салды. Германия қазір көкөністерді шикі түрінде пайдалануға болмайды деген тиымын алып тастағанымен еуропалық компаниялар Ресей нарығына ұмтылатыны әзірге белгісіз. КО аумағында азық-түлік тағам айналысының оңтайландырылуы осындай жағдайды тудыруы мүмкін ба? Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін 1-ші шілдеден бастап реттеу (регламенттеу)  мәселесіне қатысты сауалдарды ҚазТАГ индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің (ТРМК) төрағасы Рыскелді СӘТБАЕВҚА жолдаған еді.

 

– 1-ші шілдеден бастап КО аясында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі қандай құжаттармен реттеледі? Аталған күнен бастап техникалық регламенттеудің біртұтас жүйесі жұмыс істей бастайды ма?

 

– Әңгімені Қазақстанның рыногына түсетін кез келген өнімнің қауіпсіздік нормасы мен талаптарына сай келуі тиістігінен бастайын. Оның талаптарға сәйкес келуі міндетті сертификаттармен және дайындайтын кәсіпорында техникалық регламенттерге сай келетіндігі туралы декларацияның барлығымен расталады.

«Техникалық реттеу туралы» заңға сәйкес техникалық реттеудің негізгі мақсаттарының бірі - өнімнің, сонымен қатар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға технологиялық процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. КО аясында Қазақстан, Ресей және Беларусияда техникалық реттеудің бірыңғай принциптері туралы келісім қабылданған. Ол бойынша КО техникалық регламенті үш мемлекет үшін ортақ кедендік территорияда тікелей қолданыста болады.

Кедендік одақ комиссиясымен бірінші кезектегі техникалық регламенттер кестесі әзірленген және ол бойынша жыл соңына дейін 47 техникалық регламент әзірленуі тиіс. Олардың 25 техникалық регламентін әзірлеу Ресей мойнында, Беларусияда – 9, ал Қазақстанда – 13.

Еске салсақ, КО аясында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылануға) жататын тауарларға бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар күшіне енді. Одан басқа, Ресей «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті әзірлеуде. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірқатар техникалық регламенттерді дайындау жүріп жатыр.

 

– Үш апта бұры ресейлік бизнес қауымдастық «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламент жобасы беларусиялық тараптан өзгеріске ұшырауы мүмкін деп алаңдаушылық танытты. Ал қазақстандық тарап өз ұсыныстарын енгізді ма және ол неге қатысты болды?

 

Мен келесідей деп айта аламын:аталған техрегламент жобасына қатысты салалық министрліктердің шешімін қажет ететін мәселелер бар. Ол үшін 2011-ші жылы 14-ші маусымда оларды талқылау бойынша кеңес өткізу жоспарланған. Техникалық регламент жобасын әзірлеу бойынша және ресми ұстанымдарды дайындаушы ретінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі анықталған.  

 

– Өнім қауіпсіздігі туралы техрегламент пайда болмай тұрып нені басшылыққа алуға болады?

 

– 2010-шы жылдың 1-ші шілдесінен бері Кедендік одақ аясында бірыңғай құжаттар беріле отырып, сәйкестілігі міндетті бағалануы (расталуы) тиіс өнімдер тізімі күшіне енді. 2011-ші жылғы 7-ші сәуірде ол КО комиссиясының шешімімен тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізімімен толықтырылды. Оған кабелдік және транспорттық өнімдер енгізілген.

Түсіндірейін. Бірыңғай тізімге енгізілген өнімдер сәйкестігін растау процедурасынан бір рет қана өтеді. Қорытындысында бизнес сәйкестікті растауға (немесе сертификатты қайта рәсімдеуге) байланысты процедураларды жүргізуге кететін шығындарды төмендетеді. Бұл тауарлардың еркін айналымына жағдай жасау үшін айтарлықтай қадам.  

КО техрегламенті қабылданған тауарлар, егер олар талапқа сай келетіндігіне тиісті бағалау (растау) процедураларынан өткен жағдайда ғана, КО ортақ кедендік кеңістігіне айналымға шығарылады.  

- Ал егер талапқа сай келмейтін тауар анықталса ше?

КО техрегламенттеріне сай келмейтін немесе сай келетіндігі расталуы тиіс, немесе айналымда сай келетіндігі туралы құжатынсыз және бірыңғай маркироваксыз (өнімнің КО нарығында айналымда жүргендігі туралы таңба – ҚазТАГ) жүрген өнім анықталған жағдайда әр тараптың құзыретті органдары оның айналымға шығарылғанын растауы тиіс. Ондай тауарды тараптар заңнамасына сай айналымнан алып тастау, сондай-ақ бұл туралы КО серіктестерін хабардар ету керек.

-Техникалық реттеу жүйесінің басталуына қатысты сіздің болжамыңыз қандай? Ол КО қадағалаушы органдар тарапынан қарсылыққа ұшырамас па екен, себебі оның енгізілуімен олардың функцияларының біразы жойылады ғой?

 

– Бұл жерде атап кететін жағдай, істің мәнісінде КО аясында біртұтас экономикалық кеңістікті (БЭК) құру жүріп жатыр, және сондықтан бірыңғай жүйені құрумен байланысты үдерістер бірден  алға басып кетеді деп айтуға болмайды. Біз онда қаншалықты игергенімізге қарай, КО елдерінің одан арғы экономикалық дамуы байланысты болады. Сондықтан біз техреттеуге, сондай-ақ бізге тән емес функцияларға қатысты ескі көзқарастан арыламыз.  

Сондықтан да техреттеуді енгізуге байланысты барлық мәселелерді реттеу үшін үйлестіруші кеңес (КО аясында – ҚазТАГ) құрылған. Ал құзыретті бақылаушы органдарға келсек, оларда өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам тіршілігіне қатысты фунциялар сақталар деп ойлаймын. Бұл біздің негізгі мақсатымыз да.

 

Бұрандары ресейлік FMCG-компанияларының өкілдері бірыңғай техрегламент, бұрынғысынша, техреттеу саласында КО-ның бірыңғай бақылау органын құру міндеттерін шешпейді деп мәлімдеген. Қазір КО елдеріндегі жағдай қандай?

 

Қазір бірыңғай бақылаушы орган құру мәселесі тұрған жоқ. Бірінші міндет – пәрменді бірыңғай құқықтық база мен тиісті инфрақұрылымды құру. Мысалы, бірыңғай электрондық базаны құру. Ол, айталық, Ресейдің бір түкпірінде өнімнің қауіпсіздігіне жасалған тексеру нәтижелері бізде және керісінше бірден белгілі болуына мүмкіндік береді. Яғни, бірыңғай техрегламентті қолдану мәселесі бойынша ақпаратқа қол жетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету міндеті қойылған. Бұл бизнес қауымдастық үшін жеткілікті.

 

Сіз, салалық комитет басшысы ретінде, отандық бизнес азық-түлік тауарларының сапасы мен қауіпсіздігі тұрғысынан КО нарығындағы бәсекелестікте төтеп бере алады деп сенесіз ба? Егер күмәніңіз болса ше?

 

– Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі президент Нұрсұлтан Назарабевтың ерекше қолдауында екенін атап өткім келеді. Қазақстанның 20 жыл тәуелсіздігінде елімізде тұрақты, ірісін айтпағанда, орта бизнес қауымдастығы қалыптасып үлгерді. ШОБ-ты мемлекеттік деңгейде қолдау оларға КО нарығында бәсекеге төтеп беруіне мүмкіндік береді.

Біздің кәсіпорындар ТМД аумағында сапа тұрғысынан тағайындалған сыйлықтардың лауреаттары болған жекелеген мысалдар келтіре аламын. Олар - «Ақтөберентген»  және Қазақ ұлттық әл-Фараби атындағы университет. ҚР президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары болған соң, олар өздерін ТМД ауқымындағы осындай конкурстарға ұсынып, жеңіп шыққан. Мен оның ИСО халықаралық стандарттың сапа менеджментінің жүйесін енгізу жұмысының нәтижесі екеніне сенімдімін.

Бүгінге сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) 3 770 кәсіпорын енгізді. Оны енгізейін деп жатқандары 249 кәсіпорын. Біздің мониторинг көрсеткендей, 9000 сериясындағы ИСО халықаралық стандартын 3604 кәсіпорын, ИСО 14001 – 249, OHSAS 18001 – 195 компания, ИСО 22000 – 62 және SA 8000 – 3 кәсіпорын енгізіпті.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздік мәселесі біздің ведомствоның ерекше назарында тұр. Бұл жұмысты комитеттің территориялық департменті мемлекеттік бақылау функциясын атқара отырып жүргізуде. Бұл нарықта жұмыс істеп жатқан біздің сертификаттау органдарының жұмысы. 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарына бірыңғай тізілімде (реестрде) сертификаттау бойынша 119 орган мен 480 сынақ зертханалары тіркелген екен.  

 

Сізде техреттеудің жаңа шарты жағдайында жұмыс істеп кетуге дайын қазақстандық кәсіпорындар туралы статистика бар ма? Және сіз келешекте іріктеуден өте алмайтындар туралы болжам айтуға дайынсыз ба?

 

Сенімді түрде өздерінде СМЖ енгізген кәсіпорындар жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын деп айтуға болады. Шын мәнісінде олардың саны одан да көп, себебі бүгіндері әрбір кәсіпкер сапа оның табыс көзі екендігін біледі. Еске сала кетсем, Қазақстанда осы шараларға байланысты кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы мен ғылыми-техникалық базасының ЕурАзЭқ пен КО техникалық регламенттерін енгізуге дайындығын тексеру мемлекеттік органдарға тапсырған. Біздің ведомство аталған мәселені зерттеуде, оның нәтижесімен біз бизнесті де, БАҚ-ты да таныстыруға дайынбыз.

 

Анықтама. Қазір Кедендік одақтың келесідей 9 техникалық регламенттері бойынша мемлекет ішіндегі үйлестіру процедуралары аяқталып келеді. Олар: «Балар мен жас өспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықтағы темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы», «Темір жол көлігінің инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы», «Темір жолдың жылжымалы составының қауіпсіздігі туралы», «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы», «Ораулардың қауіпсіздігі туралы», «Төмен вольттық жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы». 20-шы маусымда жауапты әзірлеушілер оларды Кедендік одақ комиссиясының хатшылығына одан арғы бекіту үшін тапсыруы тиіс.


adimage