Целлюлозаны Қазақстанда техникалық қарасорадан алу жоспарлануда

Күні: 13:04, 30-05-2019.

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Целлюлозаны Қазақстанда техникалық қарасорадан алу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі таңда елімізде 300-ге жуық қағаз өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл туралы астанада өткен "Қазақстан Республикасында целлюлоза қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту" Бірінші республикалық форумында белгілі болды. Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер ағымдағы қаптама индустриясы саласына қолдау көрсету шаралары мен өнеркәсіптік саясат туралы баяндады», - делінген хабарда.
Қанат Баитовтың мәліметтері бойынша, қағаз және қағаз өнімдерінің жалпы көлемінің негізгі бөлігін картон-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары алады. Белгілі болғандай, Қазақстан "орман" елі болып табылмайды және осы себепті картон-қағаз кәсіпорындары шикізат ретінде қалпына келтірілетін қағазды, картон мен макулатураны пайдаланады.
«Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 45,5 млрд.теңгеден 58,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Мысалы, 2018 жылы елімізде 27,4 мың тонна дәретхана қағазы, 89,1 мың тонна қораптар, жәшіктер, қағаз немесе картон сөмкелер, 21,8 мың тонна қағаз және бүрмеленген перфорацияланған картон өндірілді», - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпарынша, 2019 жылдың 4 айында өндіріс көлемі 20,9 млрд.теңгені (106,6%) немесе 10,3 мың тонна дәретхана қағазын, 27,5 мың тонна қораптарды, жәшіктерді, қағаздан немесе картоннан жасалған сөмкелерді, 13,3 мың тонна қағазды және бүрмеленген перфорацияланған картонды құрады.
«Қағаз өнімдерінің негізгі өндірушілері "Қазақстан Қағазы" АҚ, "Қағазы Ресайклинг" ЖШС, "Карина трейдинг" ЖШС, "Лиспром" ЖШС, "Қарағанды целлюлоза қағаз зауыты" ЖШС, "Компания В"ЖШС болып табылады», - деп хабарлады ИИДМ-нен.
Айта кету керек, Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 400 млн.теңге сомасына 82 жұмыс орны құрылған 3 жоба жүзеге асырылды ("Ақжол-2008 Лтд" ЖШС, «Бумпром» ЖШС, "Almapack Co LTD" ЖШС).
«Бұл жобалар бүрмеленген картон мен оның ыдысын, дәретхана қағазы мен қағаз қаптарын шығаруды қамтамасыз етті», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: