«Цеснабанк» директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды

Күні: 12:53, 21-01-2019.

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы сайтынан (KASE).
«Құрамы қайта сайланған (тағайындалған) немесе өзгертілген эмитент органының атауы - директорлар кеңесі; өзгерту мәні – жоқ; лауазымды тұлғанының ТАӘ - Байжанов Ұлан Сапарұлы; лауазымды тұлғаның лауазымы – тәуелсіз директор», - делінген дүйсенбіде банк ұсынған құжатта.
Сонымен қатар, «Цеснабанк» директорлар кеңесінен Виктор Фогель кетті, ол директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған еді.
Құжатқа сәйкес соңғы өзгерістерді ескерсек, 16 қаңтарда, банктің директорлар кеңесінің құрамында Ульф Вокурка, Николай Мещеряков пен Эдуард Бабаян қалды.
Еске салсақ, 9 қаңтарда белгілі болғандай, У.Вокурка «Цеснабанк» директорлар кеңесін басқарды, ал банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Марат Жаукенов қаржылық мекеме басқармасынан кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: