Цой ҚР-да COVID-19 ауруы сәуір айының аяғында немесе мамыр айының ортасында өршуі мүмкін деп болжауда

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 ауруы сәуір айының аяғында немесе мамыр айының ортасында өршуі мүмкін деп болжауда.
«Кестеге сәйкес вакцина салу жалғасқан жағдайда сәуір айының аяғында оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркелуі мүмкін. Ал нақты сценарий бойынша кестеге сәйкес вакцина салынған күннің өзінде мамыр айының ортасында тәулігіне 4 мыңдай науқас тіркелуі мүмкін», - деді Цой сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұл ретте Цой пессимистік сценарийін айтпады, алайда «иммунитет қалыптасу үшін бірінші кезеңде вакцинаның әсер етуіне уақыт кететінін» жеткізді.
«Ары қарай вакцинаның әсері тұрақталады, сөйтіп эпиджағдайға ықпал ететін болады», - деді министр.

adimage