Цой ҚР президенті іс басқармасы медорталығының басшысы болып тағайындалды

Күні: 11:09, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан денсаулық сақтау экс-вице-министрі Алексей Цой «Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының медициналық орталығы» ММ басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР президенті іс басқармасының баспасөз қызметінен.
«Цой Алексей Владимирович Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін ҚР президенті іс басқармасының медорталығы басшысының қызметін Валерий Бенберин атқарған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 19 ақпанда ҚР үкіметінің қаулысымен А. Цой басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: