Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – 9 шілдеден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі компанияның бас директорының (басқарма төрағасының) орынбасары етіп Ален Таңатаровты тағайындады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
Компания басқармасы, жаңа мүшесін қоса есептегенде тоғыз адамнан тұратын болады: Димаш Досанов, Сәбит Арынов, Болат Отаров, Жайық Махин, Шыңғыс Сейсекенов, Орал Ыдырысов, Жайдарман Исақов, Ален Таңатаров пен Шара Таңатарова.
Соңғылары - ағалы-қарындас.
Аталмыш жағдай бойынша түсінік алу мақсатында компаниямен байланысқа шыға алмадық – корпоративтік хатшы мен компания омбудсмені телефон қоңырауына жауап бермеуде.
Таңатаров Әліби Күлтумиевтің орнына келген, делінген құжатта.
Туған аға мен қарындас 9 шілдеде «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы басқармасында «қауышады»
