Қонаев.29 мамыр.ҚазТАГ- Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында»,- деп хабарлады ІІМ.
28 мамырда 2001 - 2003 жылғы қыздардың өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасына ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген -"сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".
ІІМ пайымдауынша, жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды
