Туризм жылы 2015 жылы Қытайда Жібек жолы лейтмотивімен өтеді

Күні: 09:45, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Туризм жылы-2015 Қытайда Жібек жолы лейтмотивімен өтеді, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
«Қытайлық туризм жылының іс-шаралары 2015 жылы «Тамаша Қытай – Жібек жолы» лейтмотивімен өтеді», - делінген жариялымда.
Бұл шешім Қытай мемлекеттік туризм басқармасының тарапынан 21-ғасырдың Жібек жолы мен теңіз Жібек жолының экономикалық белдеуін қалыптастыруды ынталандырудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қабылданған, оның құрылу идеясын қазір Қытай белсенді түрде насихаттауда. Іс жүзінде бұл Қытайдың Азияның оңтүстік-шығыс, оңтүстік және орталық аудандарындағы елдерімен туристік ынтымақтастығын ары қарайғы жандандыруын білдіреді.
Мемлекеттік туризм басқармасының төраға орынбасары Ду Цзян туризмнің 13,5 млн-ға жуық адам тікелей жұмысқа орналасқан халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі болғанын еске салды.
2013 жылы Қытайда 55 млн-нан астам шетелдік турист қонып сапарлатқан, 100 млн-нан аса қытай шекара сыртында саяхаттаған, қытайлықтардың тағы 3,2 млрд-тан астамы елдің ішіндегі көрікті жерлермен танысты.
Туризм саласының үстеген құн үлесі Қытай ЖІӨ-сінің 4%-ынан асып жығылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: