ҚТЖ 2019 жылдың басынан бері 111 млн тоннадан астам жүк тасымалдаған

Күні: 19:03, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2019 жылдың басынан бері 111 млн тоннадан астам жүк тасымалдаған, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісімен ағымдағы жылдың мамырында жүкайналымы 18,3 млрд. тонна-километрді құраса, тиеу – 20,2 млн. тонна. Тас көмірдің 6,8 млн. тоннасы тиелді (елдің ішінде – 4,6 млн. тоннадан астам), астық – 728 мың тоннадан астамы, соның ішінде экспорт 552 мың тонна», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компанияда нақтылағандай, жыл басынан бері жүкайналымы 90 млрд. тонна-километрді құрады. Жүкайналымын пайдалану бойынша жоспар 103,2% орындалды.
«Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 6,4 млн. тоннаны құрады, соның ішінде контейнерлер өткен жылдың сәйкес кезеңіненен 43% артып, 233 мың ЖФЭ жетті. Қаңтар-мамырда жүк тиеу 100,5 млн. тоннаны құрады. Атап айтқанда, тас көмірдің 41 млн. тоннасы тиелді, соның ішінде экспортқа – 12,7 млн. тоннадан астамы жөнелтілсе, бұл ағымдағы жылғыдан 4,6% артық, ал астық 4,7 млн. тонна (+3,4%)», - делінген хабарда.
ҚТЖ-да нақтылағандай, 2019 жылдың 5 айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалану жұмысының бірқатар көрсеткіштері жақсарды.
«Осылайша, локотивтің өнімділігі 2,8%, локомотивтің орашатәуліктік жүрісі – 2,4%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналымының уақыты – 3,6% және вагонның орташатәуліктік өнімділігі – 5,1% артып отыр», - деді ұлттық компаниядан.


Жаңалықтармен бөлісу: