ҚТЖ директорлар кеңесінің құрамы 9 адамға өсті

Күні: 19:09, 07-02-2019.

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтынан.
«Т.У. Сыздықов шығарылды – директорлар кеңесінің мүшесі; тағайындалғандар: Е.А.Құдабаев– директорлар кеңесінің мүшесі, Люц Фрейтаг – директорлар кеңесінің мүшесі», - делінген хабарда.
Осылайша, ҚТЖ директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Кристиан Кун, Сауат Мыңбаев, Нұржан Байдаулетов, Ернар Жаңәділ, Андрей Кравченко, Ермек Құдабаев, Алмасадам Сатқалиев, Серік Святов, Люц Фрейтаг.


Жаңалықтармен бөлісу: