ҚТЖ филиалдары станциялық жолдарды заңсыз жалға берген, салдарынан мемлекетке 4 миллиард теңгеге жуық залал келтірген- прокурор

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ- ҚТЖ филиалдары станциялық жолдарды заңсыз жалға берген, салдарынан мемлекетке 4 миллиард теңгеге жуық залал келтірген, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге болмайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берген. Бұл заңсыз әрекет жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді төлемей, сытылып кетуге жол берген», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы талап арыздар берді.

«Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ»,- деп мәлімдеді прокуратура.

Фото көзі: pixabay


adimage