ТЖ кезінде ІІМ қызметкерлері бір айлық жалақы көлемінде үстемеақы алады – Ильин

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Төтенше жағдай кезінде ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бір айлық көлемінде үстемаақы алады, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.
«Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген (ТЖ кезінде – ҚазТАГ) қатардағы құрам. 52 мың адам бір айлық жалақы көлемінде үстемеақы алады. Әлбетте, әрқайсысының жалақылары әр түрлі, бірақ жалпы аталмыш қызметкерлерге ақшалай сыйақы ретінде Т6 млрд. сома аударылады», - деді Ильин бейсенбідегі брифингте.
Ол бұған дейін мемлекет басшысының ең алдымен медициналық қызметкерлердің, құқық қорғау органы қызметкерлерінің жалақысын көтеретін жарлыққа қол қойғанын еске салды.
«Жұқтыру қаупімен тікелей байланысты қызметтегілерді. Бұл блокбекеттеріндегі жұмыстар, коронавирус жұқтырғандар емделіп жатқан медициналық мекемелерді күзету қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.», - деп атап өтті Ильин.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 759 жағдайы тіркеліп, 54-і жазылып, жеті адам көз жұмған еді.

adimage